ru24.pro
World News
Май
2024

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асып кетті

0

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат бойынша, 14 мамырда сағат 08:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі (13 мамырдағы сағат 8:00-дегі жағдаймен салыстырғанда):

Индербор ауылында +3 сантиметр, су деңгейі – 1041 сантиметр, шекті деңгейі – 845 сантиметр;Махамбет ауылында +14 сантиметр, су деңгейі – 980 сантиметр, шекті деңгей – 850 сантиметр;Атырауда +6 сантиметр, су деңгейі – 551 сантиметр, шекті деңгей – 550 сантиметр.
Жаңаталап ауылында +7 сантиметр, су деңгейі – 398 сантиметр, шекті деңгей – 500 сантиметр;Еркінқала ауылында +5 сантиметр, су деңгейі – 356 сантиметр, шекті деңгей – 450 сантиметр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!