Астанада 20 жыл бойы жасырынып келген ресейлік ұсталды
Астанада 20 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.
"Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!