ru24.pro
World News
Май
2024

Жаңа цифрлық даму министрі туралы не белгілі?

0

Жаслан Мәдиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Жаңа министр туралы не белгілі толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.2007-2008 жылдары - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жұмыс істеді.2009-2010 жылдары KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.2010-2014 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.2017-2018 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.2020 жылғы қазаннан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!