ru24.pro
World News
Июнь
2023

Астана іргесінде өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр

0
Астана маңындағы өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері 80 гектар аумақта қураған ағаштарды сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиациямен 149 рет су төгілген, көлемі - 447 тонна.

"20 маусымда сағат 20:16-да Қарағанды ​​және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары үйлеріне тарады. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 34 адам, сегіз техника жұмылдырылған", - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.




Елорда әкімдігі еріктілермен бірлесіп, өрт сөндіруге қатысушыларға тамақ тарату ұйымдастырылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!