СҚО-да ауылға баратын дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы төленеді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін елді мекендерге баратын дәрігерлерге 2,5 млн теңге көтермеақы берілетін болды. Бүгін облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
