Елімізде күн сайын 2 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елімізде 1 830 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталды. Жыл сайын 660 әйел осы дерттен көз жұмады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
