Өскеменде полицейлер қарда жатқан жалаңаш ер адамды құтқарды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полицейлер 35 градус аязда жолда қар үстінде жатқан жалаңаш ер адамды тауып алған. Тәртіп сақшылары оны үсік шалудан құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап.
