ХАМАС қолындағы 20 израильдік кепіл тұтқын түгел босатылды
АҚШ пен Еуроодақ террор ұйымы деп таныған ХАМАС тобы тірі қалған 20 кепіл тұтқынның бәрін босатты. Қарулы топ оларды 2023 жылғы 7 қазан күні Израильге шабуыл кезінде кепілге алған. Мұның арты соғысқа ұласып, өткен аптада АҚШ араағайындығымен бейбіт келісім жасалған. Бүгін Египеттегі конференцияда осы келісім аясындағы бейбітшілік жоспары талқыланады. Дүйсенбі, 13 қазанның таңында ХАМАС алғашқы жеті кепіл тұтқынды Қызыл Крест ұйымына берді. Олар кейін тұтқындарды Израиль әскеріне табыстады. The Times of Israel басылымының жазуынша... Читать дальше...
