Риддер жылу электр орталығындағы төтенше оқиғадан алты адам жарақаттанды
Қазақстанның шығысындағы Риддер қаласында жылу электр орталығында “газ-ауа қоспасы жарылып”, алты адам жарақаттанып ауруханаға түскен. "Барлығы ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты" деді сенбі күні тараған видеомәлімдемеде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев. Оқиға 21 желтоқсанда сағат 4:39-да көмір конвейерінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған. Әкімнің сөзінше, станция істеп тұр. Бірақ желіде қысым азайғаны да хабарланған. Кейінгі жылдары Риддердегі жылу электр орталығының жылыту маусымы кезінде істен шығуы жиілеген.