Ақмола облысы Степногорск қаласындағы абақтыда 7 жылдық жазасын өтеп жатқан марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Марат Жыланбаевтың жүрек соғысы күрт төмендегені айтылды. Бұл турлы 11 желтоқсанда Азаттыққа оның қызы Азия Жыланбаева хабарлады.
Оның сөзінше, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып, жағдайы нашарлап тұрғанын, жүрек соғысы минутына 42 болғанын жеткізген.
– Әкем аштық жариялағалы бүгін отызыншы күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Читать дальше...