Тбилиси орталығында полиция наразы жұртқа су шашты
Грузияда полиция Тбилиси орталығындағы парламент ғимаратының алдына жиналған наразы жұртқа су шашатын арнайы құрал қолданды. Оқиға болған жерден түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері парламент аумағынан наразыларға тас лақтырды деп хабарлады "Эхо Кавказа" сайты. Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу үрдісін тоқтата тұру туралы шешіміне наразы болғандар Тбилиси орталығындағы Руставели және Костава даңғылын жауып тастады. Полиция резеңке оқ қолданған болуы мүмкін. Читать дальше...