15 қазанда Атырау қалалық №2 сотында маусым айында "Дина" базарында кісі қолынан қаза тапқан Амандық Сағынғалиевтің өліміне қатысты сот басталды.
Тергеу мәліметінше, 5 маусымда 56 жастағы Сағынғалиев базарға сауда жасауға келіп, "Газель" жүк көлігін қойып жатқанда жанында тұрған "Mercedes-Benz" көлігінің есігін сырып кетеді. Осы кезде ашуға мінген көліктің иесі Сағынғалиевты аяусыз соққыға жығып, оны ауыр жаралайды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, 10 маусымда есін жимастан көз жұмды. Читать дальше...