Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде Словениядан тағы жеңілді
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде қатарынан үшінші рет жеңілді. 13 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан құрамасын Словения командасы 0:1 есебімен ұтты. Бірінші таймда Қазақстан командасы белсенді қимылдады, Словения қақпасына гол салуға мүмкіндігі де болды, бірақ Абат Айымбетов тепкен доп қақпаға кірмеді. Словения футболшыларында екі мүмкіндік болды: екеуінде де Қазақстан құрамасын қақпашы Игорь Шацкий допты қақпаға кіргізбей, әбжілдік танытты. Екінші таймда Қазақстан ойыншыларының қарқыны бәсеңдеді... Читать дальше...