АЭС-ке наразы белсенді ұсталды, көпшілік қолдады. Семейдегі жария талқы
Семей қаласында 8 тамыз күні Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша жария талқы өтті. Шара басталмай жатып шу шығып, жиыннан тікелей эфир жүргізіп жатқан жергілікті белсенді Елдос Досановты полиция ұстап әкетті. Жиын кезінде алдын ала дайындалған тізім бойынша сөз беріліп жатты.