ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

Ғалымдар 2024 YR4 астероидының құлау траекториясын нақтылады

0

Ғалымдар бұрын болжанғандай, 2032 жылы Жерге құлауы мүмкін деген астероидтың қауіпін толықтай жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengri Life Euronews-ке сілтеме жасап.
Еуропалық ғарыш агенттігі оның Жерге соғылу ықтималдығын 0,001 пайызға дейін, ал америкалық NASA агенттігі 0,0017 пайызға дейін төмендетті. Бұл дегеніміз, аспан денесі 2032 жылы Жердің жанынан қауіпсіз ұшып өтеді және келесі жүз жыл ішінде соқтығысу қаупі болмайды.

"Бұл қайта бағалаудың себебі – ғалымдардың оның қозғалыс траекториясын жақсырақ түсінуі, яғни белгісіздік аймағынан шығуы", – делінген материалда.

NASA-ның Жер маңындағы нысандарды зерттеу орталығының жетекшісі Пол Чодас журналистерге 2032 жылы соқтығысу болмайтынын растады.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі телескоптар 2024 YR4 астероидын бақылауды жалғастырады, оның траекториясы мен физикалық сипаттамаларын үнемі нақтылайтын болады.

"Жерге елеулі қауіп төндірмейтін бұл астероид бізге зерттеулер үшін баға жетпес мүмкіндік берді", – деп мәлімдеді NASA.

Алдағы жылдары бірқатар жаңа телескоптар, атап айтқанда Vera Rubin мен Flyeye, зерттеушілерге қауіпті нысандарды тезірек анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, әзірленіп жатқан еуропалық ерте ескерту миссиясы NEOMIR планеталық қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.
Айта кетейік, бұл астероид 2024 жылдың желтоқсанында анықталған, оның өлшемі 40-90 метр аралығында, бұл футбол алаңымен шамалас. Егер ол Жерге соғылса, бүтін бір қаланы жойып жіберуі мүмкін еді. Кейінірек бұл жаңа ашылған аспан денесінің Жерге соқтығысу ықтималдығы 3 пайызға дейін өскен болатын.