ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

Доллар 600 теңгеге жете ме? Ұлттық банк басшысы жауабы

0

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке доллар бағамы 600 теңгеге дейін көтеріле ме деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сүлейменов теңге бағамы тұрақты болып қалады және доллар бағамы 600 теңгеге жетпейді деген үмітін білдірді.

"Мен қарапайым адам ретінде де, Ұлттық банк қызметкері ретінде де атайыншы, бұлай әлі өте-өте ұзақ уақыт болмайды деп үміттенемін. Біз қабылдап жатқан шаралар – экономика, үкімет, түрлі даму институттарының бірлескен шаралары – ішкі өндірісті арттыруға, импортты азайтуға, сауда балансын, төлем балансын нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін. Бұл экспорттық валюталық түсімнің келуін қамтамасыз етеді, демек, ішкі нарықта доллар көп болады. Нарықта доллар қаншалықты көп болса, оның құны соғұрлым төмен, ал теңгенің құны соғұрлым жоғары болады. Осы шаралар көмектеседі деп сенемін және 600 деген санды ұзақ уақыт бойы көрмейміз деп ойлаймын. Мұны бәрімізге тіледім", – деді Ұлттық банк басшысы.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл үшін Ұлттық банк үкіметпен жұмысын үйлестіруі қажет.

"Бұл үшін жұмыс істеу керек, жұмысымызды үйлестіріп, үкіметпен бірге әрекет ету қажет. Әрқайсымыз да үлес қосуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені біздің экономикамыз нарықтық, бізде үйлер салып, өнім, минералды су, қағаз немесе жиһаз шығаратын мемлекеттік трестер немесе компаниялар жоқ – мұның бәрін нарық жасайды. Қарапайым қазақстандықтар қаржы алып, оны өндіріс саласына салып, жұмыс істеп жатыр. Егер бәріміз бірге импортқа тәуелділікті азайтсақ, теңге бағамы да нығая түседі", – деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!