ru24.pro
World News in Kazakh
Май
2024

Астанадағы атыс: полиция қылмыстық іс қозғады

0
Астана полициясы қаладағы қонақүйлердің бірінің маңындағы көлік тұрағында естілген атыс бойынша тергеуді бастады. Оқиғаның видеосы бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазбада Kia көлігін тізгіндеген белгісіз біреу тапаншадан аспанға бірнеше рет оқ атқаны көрсетілген.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқ атқан жүргізуші анықталып, ұсталды:

"Glock маркалы тапанша тәркіленді, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр".


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!