ru24.pro
World News
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28

Алматыдағы Halyk Arena-да өрт шықты

0
Алматыдағы Halyk Arena мұз сарайында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға кешеннің ішінен түсірілген видео келді. Кадрларда дәлізді қою түтін басқаны көрінеді. Оқырманның айтуынша, оның ұлы сол жерде хоккеймен айналысады. Бапкер ата-аналарға жаттығулар болмайтынын айтып, оқиға орнынан видео жіберген көрінеді.
Алматы ТЖД өрт туралы ақпаратты растады. Хабарлама 27 ақпанда сағат 12:35-те түскен.

"Өрт сөндірушілер жеткенге дейін 3-блок екінші қабаттағы әкімшілік кабинеттің 8 шаршы метр аумағында шыққан өртті қызметкерлер ішкі өрт кранын пайдалану арқылы сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ТЖД.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!